Қазақстанда пошта және курьерлік қызметтерге сұраныс артты

169

Қызметтердің басым бөлігі Алматы қаласында көрсетілген.  

Қазақстанда пошта және курьерлік қызметтерге сұраныс артты Фото: timesavingmachine.ru

2026 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанда пошта және курьерлік қызметтердің көлемі 57,2 млрд теңгені құрап, бір жылда 1,1%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның 13,4 млрд теңгесі халыққа көрсетілген қызметтерге тиесілі. Ауылдық жерлерде қызмет көрсету көлемі 2 млрд теңгені құрады.

Өңірлер арасында ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында тіркелді – 33,6 млрд теңге. Одан кейін Астана қаласы – 7,6 млрд теңге және Қарағанды облысы – 1,8 млрд теңге.

Жалпы қызмет көлемінің 58,7%-ы Алматыға, 13,2%-ы Астанаға, 3,2%-ы Қарағанды облысына тиесілі.

Пошта және курьерлік қызметтерге сәлемдеме, бандероль және хат-хабарларды қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткізу, сондай-ақ курьерлік жеткізу қызметтері кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу