Қазақстан Республикасы президенттігіне үміткер жеті құжатты түгендеп, Орталық сайлау комиссиясына тапсыруы керек.
Атап айтқанда, қоғамдық бірлестік жоғары органының Қазақстан Республикасының Президентігіне кандидат ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасынан үзінді болуы шарт.
Сонымен қатар, үміткердің Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм бергені туралы өтiнiші қажет.
Кандидаттың өмірбаяндық деректері тапсырылуы керек.
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат талап етіледі.
Кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі тапсырылады.
Сондай-ақ, жоғарғы оқу орнындағы білімі туралы дипломдарының көшірмелері қоса беріледі.
Кандидаттың мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесінің бар екенін растайтын құжаттар қажет.