Қазақстанда президент сайлауы аяқталды

756

Еліміздің барлық өңірінде ашылған 10 033 сайлау учаскесі жұмысын тоқтатты.

Қазақстанда президент сайлауы аяқталды

Қазақстанда президент сайлауы мәресіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Астана уақытымен сағат 20.00-де еліміздің 15 өңірінде, ал дәл қазір Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында дауыс беру аяқталды.

Енді учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері бюллетендерді санайды.

Сағат 18.00-дегі дерекке сәйкес, Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан ашылған 68 сайлау учаскесінің 10-ы жұмысын аяқтады.

57 сайлау учаскесі жұмысын жалғастырып жатыр. Бір учаске әлі ашылған да жоқ.

Нақтырақ айтқанда, Сан-Франциско қаласындағы учаске астана уақытымен сағат 21.00-де ашылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу