Қазақстанда Президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды

1876

Жарлық мәтіні мемлекет басшысының сайтында тұр. 

Қазақстанда Президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы"   жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.   

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бір айлық мерзімде:

    1) саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар көшбасшыларымен, азаматтық сектор өкілдерімен Кеңесті қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі мәселелері бойынша консультациялар өткізсін;

    2) өткізілген консультациялар қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Кеңестің құрамы мен Кеңес туралы ережені енгізсін, деп жазылған жарлықта.

Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу