Елімізде бес айда телефон ұрлығымен 2,1 мың оқиға тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бірінші кредиттік бюро аталған статистикалық мәліметтер өткен жылдың деңгейінен 38%-ға төмен екенін айтады. ҚР БП ҚСжАЕК деректеріне сүйенсек, қаңтар-мамыр айлары аралығындағы мұндай абсолюттік төмен көрсеткіш 2017 жылдан бері жүргізілген барлық бақылау тарихында алғаш рет байқалды.
Шынын айту керек, ұялы телефон ұрлығы соңғы 8 жылда тұрақты түрде азаюда. Бюро ұсынған мәліметке сенсек, қаңтар-мамыр аралығында тіркелген ұялы телефон ұрлығының 26%-ы бойынша қылмыстық істер сотқа жолданып үлгерген. Сонымен қатар, тағы 26%-ының сотқа дейінгі тергеу мерзімдері тоқтатылып отыр.
Себебі, ол жерде қылмыс жасаған тұлға анықталмаған.
Ең маңызды ақпараттың бірі, мұндай қылмыстың төмендеуінің де жөні бар. Себебі, қазір тауып не ұрлап алған телефон түкке керексіз болып қалуы мүмкін. Өйткені, бәрі бақылауда. Сондықтан, ұрылардың өзі қылмыстың ізін суыту үшін телефонға тиіспейді.
Нақты айтар болсақ, қаңтар-мамыр айларында тіркелген ұрлықтардың 56%-ы (2,1 мың жағдайдың 1,2 мыңы) қоғамдық жерлерде болған. Бұл – телефон ұрлығының қоғамдық орында көп кездесетінінің бірден-бір айғағы.