Қазақстанда ресейлік банктердің ықпалы азайды

964

Қазақстанда ресейлік банктердің ықпалы азайды

Қазақстанда Ресей банктерінің нарықтағы ықпалы азайып жатыр. Бір жыл ішінде ресейлік банктердің банк секторындағы жалпы салымы 10,8 пайыздан 8,1 пайызға кеміген. Ал кредиттердің үлесі 9,6 пайыздан 8,1 пайызға түсті. Бұған "Сбербанктің" қарқынды өсімнен тұрақты консерватизмге көшуі себеп болған. Бұл туралы finprom.kz-ке сілтеме жасап 7күн жазып отыр.

Қазақстан нарығында 100 пайыз ресейлік резиденттер қатысатын 4 банк бар. Солардың қатарындағы Сбербанк елдегі ең ірі 5 банктің қатарына кіреді. 2016 жылдың қарашасында банк 212,5 млрд теңгесінен айырылып, портфелінің көлемі 1,1 трлн теңгеге дейін қысқарды. Ссудалық портфелі бір жылдың ішінде 130 млрд теңгеге азайып, 951,0 млрд теңгеге дейін қысқарды.

Сонымен қатар, Альфа-Банктің ссудалық портфелі 27,5 млрд теңгеге азайып, 132,4 млрд теңге болды. Ал ВТБ-ның депозиттік портфелі 2011-2015 жылдар аралығында тұрақты өсіп отырды да, тек соңғы жылы салымдардың саны 31,3 млрд теңгеге азайып, 87,3 млрд теңгені құрады.

Хоум Кредит — соңғы жылдары депозиттік және кредиттік портфелі өсімді көрсеткен жалғыз ресейлік банк. Оның салымдары 28,3 млрд теңгеге артып, 61,8 млрд теңгені құраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу