Қазақстанда риэлторлық қызметке сұраныс үш есе азайды

687

Елде жылжымайтын мүлікке қатысты операциялар саласындағы қызметтердің соңғы 7 жылдағы үздіксіз өсімі тоқтады. Ал риэлторлық қызмет үш есе азайған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы 

Қазақстанда риэлторлық қызметке сұраныс үш есе азайды

2021 жылдың алғашқы жартыжылдығында жылжымайтын мүлік операцияларымен байланысты қызмет көлемінен 268,1 млрд теңге түскен. Жалпы бұл секторда соңғы жеті жылда орташа өсім 16,6 пайызды көрсетіп келген еді. Ал биыл сектордағы қызмет көлемі бірден 5,5 пайызға дейін азайған.

"Жылжымайтын мүлік операцияларының қызмет көлемінің үштен екі бөлігі екі ірі мегаполиске – Нұр-Сұлтан (91,9 млрд тг немесе жалпы көрсеткіштің 34,3%) мен Алматы (78,9 млрд тг немесе жалпы көрсеткіштің 29,4%) қаласына тиесілі. Бұл ретте елордада қызмет көлемі 9,5% өскенімен, Алматыда 16,7% азайған. Жалпы елдегі 17 өңір мен қаланың 10-ында қызмет көлемі қысқарғанын атап өту керек", - делінген зерттеуде.

Сектордағы қысқару деңгейі көбінесе Қарағанды (−43,6%) мен Ақтөбе (−36%) облыстарында, сондай-ақ Шымкентте (−33,1%) тіркелген.

Жылжымайтын мүлік саласындағы операциялардың ішкі құрылымында да бірқатар өзгеріс байқалады. Мәселен, алғашқы жартыжылдықта халықтың өз мүлкін жалға беру немесе сатуға қатысты емес, осы қызметтегі делдалдардың да өскенін аңғаруға болады. 

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу