Астанада Қазақстандағы уақытты есептеу мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
Жұмыс тобының құрамына Ф. Г. Фесенков атындағы "Астрофизика институты", "Генетика және физиология институты", "География және су қауіпсіздігі институты", М. А. Айтхожин атындағы "Молекулалық биология және биохимия институты", "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" ғалымдары, сондай-ақ сарапшылар, қоғам қайраткерлері, ҚР Парламентінің депутаттары және мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда UTC+5 және UTC + 6 екі уақыт белдеуі қолданылады. Елдің көп бөлігі (батыс аймақтарды қоспағанда) UTC+6 аймағында орналасқан.
Алайда, ғалымдардың пікірінше, UTC+6 уақыт белдеуі табиғи күн уақытына сәйкес келмейді, бұл биологиялық ритмдар мен адам денсаулығына кері әсер етеді. Атап айтқанда, сарапшылар елорда уақыты бойынша тұратын облыстар мен қалалардағы уақытты бір сағатқа (UTC+5) ауыстыру нұсқасын ұсынды. Осылайша, бүкіл Қазақстан бойынша бірыңғай уақыт белгіленеді.
Денсаулық сақтау министрлігі осындай ұстанымды ұстанады және уақыт белдеуін табиғи уақытқа сәйкес келтіру қазақстандықтардың денсаулығына жағымды әсер етеді деп санайды.
"Қазақстан халқының басым бөлігі өзінің географиялық уақыт белдеуінде тұрмайды. Сарапшылар тобы, профессор-физиологтар бұл мәселені жыл бойы зерттеді. Дененің физиологиясы мен қызметі, гормоналды тепе-теңдік тұрғысынан біз UTC+5 уақыт белдеуіне ауыса отырып, денеміздің биологиялық сағатына сәйкес оянып, ұйықтаймыз деген пікірді ұстанамыз", - деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адам ресурстары департаментінің директоры Дәулет Алдынғұров.
Жұмыс тобы халықаралық тәжірибені де зерттеді. Осылайша, әлемнің 175 елінде бірыңғай уақыт белдеуі орнатылған. Бір уақыт белдеуінде барлығы 22 мемлекет тұрады.