Қазақстанда Саха республикасының күндері өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Саха Республикасының Мәдениет және рухани даму министрі Афанасий Ноевпен кездесті.
Кездесу барысында екі ел арасындағы мәдени бірлестікті нығайтуға ықпал ететін ынтымақтастықты дамытудың түрлі аспектілері талқыланды.
Атап айтқанда, тараптар 2024 жылдың сәуір айында Қазақстанда Саха республикасының күндері аясында өтетін іс-шараларды талқылады. Іс-шаралар Астана мен Алматыда ұйымдастырылатын болады.
17 сәуірден бастап елорда тұрғындары мен қонақтары "Якутия қазынасы" көрмесінде көрсетілетін Якутияның бірегей мәдени мұрасымен таныса алады.