Қазақстанда сайлау күні жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырмақ болғандар ұсталды

646

Арнайы операция нәтижесінде 7 адам ұсталды.  

Қазақстанда сайлау күні жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырмақ болғандар ұсталды Фото: gov.kz

17 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратурамен бірлесіп осы жылдың 20 қарашасында жаппай тәртіпсіздіктерді жоспарлап, ұйымдастырмақшы болған қылмыстық топты ұстады, деп жазады inbusiness.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабының 2-бөлігі және 272-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу басталды. Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша заттай дәлелдемелер тәркіленген көрінеді.

"Прокуратура санкциясымен олардың жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әкімшілік ғимараттарына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне қару мен тұтандырғыш қоспаларды қолдану арқылы шабуыл жасауға дайындалғандары құжатталған. Топтың әрбір мүшесінің рөлі нақты бөлінген, қылмыстық жоспарлар жасырын шараларын сақтай отырып, тұрақты кездесулер барысында талқыланды. Топ мүшелері "бөтелке лақтырғыш" деп аталатын жабдықтар жасап, олардың көмегімен "Молотов коктейльдерін" лақтыра отырып құқық қорғау органдары қызметкерлерін физикалық жоюды жоспарлаған", - деп жазылған хабарламада.

Белгілі болғандай, топ мүшелері жасырын орындар ұйымдастырып, оған қылмыс жасауға арналған Калашников автоматын, ойық ұңғылы "Меркель" мылтығын, екі тегіс ұңғылы кесілген мылтықты, оқ-дәрілерді, "Молотов коктейльдеріне" арналған сұйықтықтығы бөтелкелерді, "бөтелке лақтырғыштарды", бензин құйылған канистраларды, рацияларды сақтаған.

Күдіктілер ҚР ҚПҚ 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, өзге ақпарат ҚР ҚПҚ 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу