Президент сайлауында 8 млн 282 мыңнан астам адам дауыс берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
ОСК мәліметінше, өңірлердің, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 20.00-де өңірлерде азаматтардың сайлауға келуі мынадай:
Абай облысы бойынша – 80,18,
Ақмола облысы бойынша – 78,87,
Ақтөбе облысы бойынша – 72,20,
Алматы облысы бойынша – 72,10,
Атырау облысы бойынша – 70,87,
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 67,77,
Жамбыл облысы бойынша – 79,57,
Жетісу облысы бойынша – 81,43,
Қарағанды облысы бойынша – 78,39,
Қостанай облысы бойынша – 79,28,
Қызылорда облысы бойынша – 80,31,
Маңғыстау облысы бойынша – 66,18,
Павлодар облысы бойынша – 77,58,
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 78,24,
Түркістан облысы бойынша – 80,37,
Ұлытау облысы бойынша – 75,48,
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,49,
Астана қаласы бойынша – 48,67,
Алматы қаласы бойынша – 28,72,
Шымкент қаласы бойынша – 59,79 пайыз.
"Жалпы сағат 20.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 282 607 азаматы бюллетень алды. Ол - тізімге енгізілген азаматтардың 69,31 пайызы. Дауыс беру учаскелеріне сайлаушылардың келуі туралы келесі ақпарат сағат 22.05-те беріледі", - деді ОСК хатшысы.