Қаржы министрі Мәди Такиев салықтан жалтарып жүрген блогерлер тексерілетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Өздеріңізге белгілі, блогерлермен бірталай жұмыс атқарып жатырмыз. 854 блогерге декларацияда 72 млрд теңгеге ақшаларын төмендетті деп хабарлама жібердік. Оның 394-і 11,8 млрд теңге төлеп тастады. Енді біз қалған 438 блогерге тексеру ашайын деп отырмыз", – деді Қаржы министрі редакция тілшісінің сауалына берген жауабында.
Сөзінше, блогерлер салықты келесі жылдың 31 наурызына дейін төлеуі тиіс.
"Бұлар салық төлемей жүрген блогерлер. Сол себепті біз тексеріс ашамыз", – деді Мәди Тәкиев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу