ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ОКҚ баспасөз конференциясында салықтық "cashback" құрылғаны туралы хабарлады.
"Салық саясаты бойынша: біз үшін қолма - қол ақшасыз есеп айырысуды одан әрі ынталандырудың, салық базасын кеңейтудің, салық төлемдерін төлеу процесін оңайлатудың басымдығы болып табылады", - деді Ұлттық экономика министрі.
Министр атап өткендей, бірінші аспектіні ынталандыру мәселесі пысықталу үстінде.
"Қолма - қол ақшасыз есеп айырысу арқылы біз сауда желілерінде картамен төлететіндер мемлекеттен өз салық әмиянына бонус алу үшін, бұл бонус басқа салықтарды төлеуге немесе тауарларды сатып алуға болатындай мәселені қарастырамыз", - деді Р. Дәленов.