Қазақстанда сары май өндірісі 8,3%-ға төмендеді

751

Тиісті ақпаратты Ұлттық статистика бюросы таратты. 

Қазақстанда сары май өндірісі 8,3%-ға төмендеді Фото: exk.kz

Өткен жылдың 12 айында отандық кәсіпорындар 24,8 мың тонна сары май өндірді. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,3%-ға аз, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы 27,1 мың тонна сары май өндірілген. 

"Экспорт 16,7%-ға төмендеді. Шетелге 3,8 мың тонна май жіберілді, ал 2021 жылы 4,5 мың тонна экспортқа шығарылған. Бұл ретте импорт 49,2%-ға артып, былтыр 7,8 мың тоннадан астам өнім импортталды. Сырттан әкелінетін өнімнің үлес салмағы 23,9% құрады", - делінген хабарламада. 

Аталмыш кезеңде ішкі нарықта 28,8 мың тонна сары май сатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу