Қазақстанда сегіз кен орны мұнай өндіруді қысқартты

832

Қазақстанда сегіз кен орны мұнай өндіруді қысқартты

ОПЕК елдері келісімінің аясында Қазақстандағы сегіз кен орны мұнай өндіруді азайтты. Бұл туралы жазбаша жауабында Энергетика министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Ведомствоның мәліметінше, қара алтынды өндіруді әсіресе Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының компаниялары қысқартқан. Олардың арасында Қытай инвесторлары өндіретін кәсіпорындар да бар. Ал 2017 жылы 14 ақпанындағы ақпарат бойынша Қашаған кен орнында 700 мың тоннадан аса мұнай өндірілген. Энергетика министрлігінің айтуынша, мұнай өндіруді қысқарту жер қойнауын пайдаланушылар мен мемлекеттер экономикасына оң әсерін тигізген. Бұл әлемдік мұнай бағасының тұрақтануының арқасында болып отыр. Мысалы, республикалық бюджетте 2017 жылы қара алтынға барреліне 50 доллар деп қойылған. Ал әлемдік орташа баға барреліне 56,8 доллар болған.  
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу