Қазақстанда сейсмолог мамандығын қайта жаңғырту жоспарлануда

Сейсмолог мамандары Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми-техникалық университетінде оқытылады. 

Қазақстанда сейсмолог мамандығын қайта жаңғырту жоспарлануда Фото: nova24.u

Алматыдағы жер сілкінісі бойынша брифинг барысында Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев Қазақстанда сейсмологтардың тапшылығына тоқталды. Оның айтуынша, бұл еліміздің бірде-бір жоғары оқу орнында осы саланың мамандарын даярламайтындығына байланысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Үкіметтің 2022 жылғы қаулысымен 2023 жылғы 1 желтоқсандағы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру бұйрығы негізінде Сейсмология институты мен Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы болып бірігу жолымен қайта құрылды. Қазір, біз Төтенше жағдай министрлігімен бірлесіп, еліміздің жоғары оқу орындарында оқытылмаған сейсмология мамандығын жандандырып жатырмыз", - деді Дәулет Сәрсенбаев.

Оның айтуынша, олар бұған дейін инженерлерді, тау-кен мамандарын, геологтарды, геофизиктерді тартып, қайта даярлау арқылы мәселені шешуге тырысқан. Алайда, кадрларға деген қажеттілік әлі де бар.

Сондай-ақ, Сәрсенбаев бүгінгі күні Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми-техникалық университетінде сейсмология мамандығының ашылуына тиісті құжаттама дайындалып жатқанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу