Қазақстанда секонд-хенд экспорты 60 есе артты

437

Былтыр Қазақстаннан өзге елдерге 51,8 мың тоннаға жуық пайдаланылған киім-кешек және заттар жіберілген.   

Қазақстанда секонд-хенд экспорты 60 есе артты Фото: газета.ру

Бұл туралы finprom.kz хабарлады.

Қазақстаннан пайдаланылған киімдерді 37 ел сатып алады. Олардың ішінде ТМД елдері мен Еуропа, АҚШ, тіпті Аустралия да бар. Бірақ барлық киілген киім экспортының 98,3 пайызы Тәжікстанға жіберіледі. Ал Өзбекстанның үлесі – 1,7 пайыз. Былтыр 858 кг киілген киім жөнелтілген", – делінген хабарламада.

Ал елімізге киілген киімдерді сатушы – Еуропа елдері. Атап айтқанда, Нидерландтан (24,5%) және Германиядан (30,9%) келді. Одан кейінгі орында Ресей (11,7%), Бельгия, Финляндия, Литва, Беларусь елдерінен де сатып алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу