Қазақстанда семіздікке шалдыққан балалар саны көбейген

122

Сондай-ақ, қан қысымы көтерілетін балалар да күрт артқан. 

Қазақстанда семіздікке шалдыққан балалар саны көбейген Фото: Donpress.com

Оқу-ағарту министрлігі семіздік дертіне шалдыққан балалар күрт артқанын жеткізді. Салдарынан көптеген оқушылар ұмытшақтық, жүйке жүйесінің ауруларына шалдыққан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2018 және 2022 жылдар аралығында артық салмақ жинаған оқушылардың саны 1,6 есеге көбейген.

“Ұл-қыздардың 70 пайызы гиподинамия, яғни қимыл-қозғалыстың төмендеуінен туындайтын ауруға шалдыққан. Мұндай балалар жарақат көп алады.

Ал бастауыш сынып оқушыларының арасында ұмытшақтық, көз және жүйке жүйесінің аурулары жиі тіркеледі. Сондай-ақ, қан қысымы көтерілетін балалар да көбейген”, – делінген хабарламада. 

Мамандар бұл аурулардың дұрыс тамақтанбау мен спортпен шұғылданбаудың кесірінен екенін алға тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу