Қазақстанда шағын бизнес инвестицияларының көбісі жылжымайтын мүлікке тиесілі

455

2023 жылдың екі айында жылжымайтын мүлікке 327 миллиард теңгеден астам инвестиция құйылды.  

Қазақстанда шағын бизнес инвестицияларының көбісі жылжымайтын мүлікке тиесілі Фото: yandex.kz

Ұлттық экономика министрлігі 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында бизнестің ел экономикасына салған инвестициясына талдау жасады. Біріншіден, барлық инвестицияның 40,6 пайызы немесе 656,6 миллиард теңгесі шағын бизнеске тиесілі екені белгілі болды. Сонымен қатар, өңірлер жағдайында шағын кәсіпкерліктің үлесі Атырау облысында 5,5%-дан Жетісу облысында 91,6%-ға дейін айтарлықтай өзгереді.

Шағын кәсiпкерлiктiң негiзгi капиталына салынған инвестицияның 72,5%-ы кәсiпорындардың өз қаражаты. Қалған 27,5%-ы бюджеттік және қарыз қаражатына (бюджеттік қаражаттың 17,3%-ы және қарыз қаражатының 10,2%-ы) тиесілі. Салалық тұрғыда жалпы инвестицияның 49,9%-ы немесе 327,5 млрд теңге шағын кәсіпкерлік субъектілері жылжымайтын мүлікпен операцияларға бағытталды. Өнеркәсіпке 19,3%, оның ішінде тау-кен өнеркәсібіне 50,5 млрд теңге, өңдеу өнеркәсібіне 26,6 млрд теңге жіберілді.

Шағын кәсіпкерлікті инвестициялаудың негізгі бағыттарына мыналар кіреді:

көлік және қойма шаруашылығы (50,6 млрд. теңге);

ауыл шаруашылығы (43,4 млрд. теңге);

көтерме және бөлшек сауда (23,8 млрд. теңге).

Шағын бизнес салымдарының қалғаны Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету (19 млрд. теңге), білім беру (15,7 млрд. теңге), тұру және тамақтану қызметтері (13,2 млрд. теңге), өнер, ойын-сауық және демалыс (12 млрд. теңге) және т. б. салаларға тиесілі.

Өңірлер бөлінісінде шағын кәсіпорындар негізгі капиталға инвестициялардың ең үлкен көлемін Алматы (110,4 млрд.теңге) және Астана (93,8 млрд. теңге) қалаларында жүзеге асырды. Ал ең аз көлемі-Ұлытау (3,1 млрд.теңге) және БҚО (12,8 млрд. теңге).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу