Қазақстанда шағын бизнес үлкен дағдарысқа ұшырап жатыр

713

Finprom.kz зерттеушілері елде белсенділігі уақытша тоқтаған шағын компаниялар бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 19% азайғанын, ал белсенді шағын компаниялардың саны 0,1% кемігенін жария етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстанда шағын бизнес үлкен дағдарысқа ұшырап жатыр

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік бюджет кірістерін ұлғайтуды қамтамасыз етудің өз жолын ұсынып отыр. 2 қыркүйекте өткен Үкімет отырысында ол 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жарияланған микро және шағын кәсіпкерлікті тексеруге мораторийді алып тастауды сұрады. Әйтсе де...

"Осы жылдың тамызындағы есеп бойынша Қазақстанда жұмыс істеп тұрған 335 мың шағын кәсіпорын бар. 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 6,8% артық. Алайда елде шағын компаниялар арасында жартысынан азы — бар болғаны 49% немесе 164,1 мыңы белсенділер қатарында тұр. Ал сектор кәсіпорындарының 35,8% немесе 120 мыңы (бірден оған қоса жылына 19,2%) белсенділігін жоғалтқан. Жұмыс істеп тұрған шағын компаниялардың тағы 15,2% немесе 50,9 мыңы әлі де белсенді қызметін бастамаған жаңа кәсіпорындар қатарында", - делінген зерттеуде.

Жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындардың жартысына жуығы мегаполистерде — Алматы (84,1 мың) және Нұр-Сұлтанда (59,5 мың), сондай-ақ Қарағанды облысында (22,6 мың) орналасқан. Мұндай компаниялардың ең азы Қызылорда (8,1 мың) Солтүстік Қазақстан (8,3 мың) және Батыс Қазақстан (8,3 мың) облыстарында жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу