2017 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша, Қазақстанда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1,1 млн-ға жетті. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 4,7 пайызға артық, деп хабарлайды naryk.kz.
Статистика комитетінің мәліметінше, шағын және орта бизнестің 66,5 пайызын жеке кәсіпкерлер құраса, 17,2 пайызын шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 16,1 пайызын шаруа қожалықтары мен фермерлер, 0,2 пайызы орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары құрайды.
Шағын және орта бизнес субъектілері ең көп тіркелген өңір ОҚО (179,4 мың), одан кейін Алматы қаласы (173,9 мың), Алматы облысы (112,3 мың), Астана қаласы (99,6 мың), ШҚО (87 мың).
Ал бұл субъекттілер ең аз өңірлер Қызылорда облысы (35,8 мың) және СҚО (28,2 мың).