Қазақстандықтар шәй мен кофе ішуді азайтқан

512

Бағаның өсуі тұтыну деңгейіне әсер етті.

Қазақстандықтар шәй мен кофе ішуді азайтқан Фото: teacoffeepoint.ru

2025 жылдың қаңтарында Қазақстанда қайта өңделген шай мен кофе өндірісі 9,2%-ға төмендеді. Energyprom.kz мәліметінше, барлығы 1,1 мың тонна өнім өндірілген, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Өндірістің негізгі үлесі Алматыға (578 тонна), Алматы облысына (228 тонна) және Шымкентке (227 тонна) тиесілі. Сондай-ақ, Қарағанды облысы (47 тонна) мен Астана (1 тонна) да өнім шығарған.

Шай мен кофенің негізгі үлесі қара және жасыл шайға тиесілі (602 тонна). Сонымен қатар, кофе алмастырғыштар мен концентраттар – 224 тонна, шай – 166 тонна, шөп тұнбалары мен жеміс шайы – 59 тонна, қуырылған кофе – 31 тонна өндірілген.

Импорт төмендеді, баға өсті.

2024 жылы Қазақстанда шай мен кофе өндірісі азайған. Елге импортталған шай көлемі 49,4 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,1%-ға аз. Ішкі нарықтағы сату көлемі 7,5%-ға төмендеген.

2025 жылдың қаңтарында шай мен кофе бағасы қымбаттады:

  • Кофе – 8,9%-ға,
  • Қара шай – 4,3%-ға,
  • Ерітілген кофе – 8,4%-ға,
  • Ұнтақталған кофе – 13,1%-ға,
  • Көк шай – 0,3%-ға ғана өскен.

Аймақтардағы ең қымбат кофе Батыс Қазақстан (25,7%), Қызылорда (28,6%) және Астана (17,8%) облыстарында тіркелсе, ең арзан баға Абай (2,9%) және Ақмола (3,6%) облыстарында байқалған.

Шай бағасы Ұлытау (10%), Ақтөбе (8%) және Шығыс Қазақстан (7,7%) облыстарында қымбаттаған, ал Қостанайда – 2,4%, Түркістанда – 2,9%-ға арзандаған.

Капучиноның құны бойынша Қазақстан 43-орында

Numbeo мәліметінше, 2025 жылдың ақпанында Қазақстанда бір шыныаяқ капучиноның орташа бағасы – 2,14 АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш бойынша ел 126 мемлекет ішінде 43-ші орында.

Ең арзан капучино – Ливияда (0,61$), Алжирде (0,73$) және Тунисте (0,86$),

Ең қымбаты – Данияда (5,71$), БАӘ-де (5,57$) және Швейцарияда (5,54$).

ТМД елдері арасында Беларусьте – 1,60$, Өзбекстанда – 1,64$, Ресейде – 2,15$, Әзербайжанда – 3,33$, Арменияда – 3,46$.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу