Қазақстанда шамамен 128 мың шақырымдай жылу, сумен жабдықтау желісі бар

543

Жылумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 14 мың шақырым.   

Қазақстанда шамамен 128 мың шақырымдай жылу, сумен жабдықтау желісі бар Фото: ERG

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі еліміздегі коммуналды желілердің тозуын төмендетіп, жаңғырту үшін қаржыландырудың 3 тетігін қолға алып, іске асыруда. Оған нысаналы трансферттер, бюджеттік кредит және шығындарды 50%-ға дейін субсидиялау кіреді, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоға сілтеме жасап.

Мәселен, сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қолданыстағы бағдарламаға ұқсас жылу инфрақұрылымына байланысты жобаларды қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бөлу бойынша бюджет бағдарламасы ашылды. Бұл ретте 20 жылға арналған 0,01%-бен бюджеттік кредиттеу мен субсидиялау арқылы қаржыландыру жұмысы жалғастырылады.

Бұдан бөлек аталған тетік коммуналды салаға қосымша инвестициялар тартуға жол ашып, ескірген желілер мен жабдықтарды жаңғыртуға жағымды әсер беруге тиіс. Қолға алынған жаңа тариф саясаты бюджет қарызын өтеу бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бюджеттен қосымша кредиттер беруге қолғабыс етпек.

Еске сала кетейік, 2015-2022 жылдарға бюджеттен қарастырылатын кредит пен субсидиялау арқылы жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға шамамен 295 млрд теңге бөлініп отыр. Сондай-ақ 3,5 мың шақырымнан астам желі салынып, жаңғыртылады.

Қазір Қазақстанда шамамен 128 мың шақырымдай жылу, сумен жабдықтау және су бұру желісі бар. Олардың орташа тозуы – 51%. Жылумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 14 мың шақырым. Орташа тозу көрсеткіші – 54%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу