Қазақстанда Shanghai SpaceSail спутниктік интернеті сынақтан өткізілді

1062

Тестілеу кезінде интернет жылдамдығы 200 Мбит/с-қа жетіп, жоғары сапаны көрсетті.  

Қазақстанда Shanghai SpaceSail спутниктік интернеті сынақтан өткізілді Фото: gov.kz

Алматы облысында Қытайлық Shanghai SpaceSail компаниясы спутниктік интернет жүйесін сынақтан өткізді. Жүйе елімізге арнайы келген мамандардың қатысуымен іске қосылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл жүйе төмен орбиталық спутниктерге негізделген. Мұндай технология шалғай елді мекендерге жоғары жылдамдықтағы интернет жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл – талшықты-оптикалық желі тарту қиын немесе қымбат өңірлер үшін тиімді шешім.

Жоба ауылдық мектептерді, медициналық мекемелерді, мобильді қызметтер мен әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын сапалы байланыспен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл ауыл тұрғындарының цифрлық қызметтерге қолжетімділігін кеңейтіп, өмір сапасын арттыруға ықпал етеді.

Ынтымақтастықты дамыту мақсатында қазақстандық делегация Шанхайдағы Shanghai SpaceSail кеңсесіне барып, компанияның технологияларымен және өндіріс барысымен танысты.

Кездесу барысында тараптар бірлескен жобалар мен ұзақ мерзімді серіктестік мүмкіндіктерін талқылады. Компания 2026 жылы Қазақстанда ресми жұмысын бастауды жоспарлап отыр.

Бұған дейін Астана әкімдігі мен қытайлық Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы 50G PON технологиясымен ультра жоғары жылдамдықты 10G интернетті сынақтан өткізу бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы келісімге қол қойғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу