Елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануын ескере отырып, ведомствоаралық комиссия келесідей шешімдер қабылдады:
Бірінші, биыл 8 маусымынан бастап ҚР азаматтары мен шетелдіктерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын (COVID-19-ға қарсы вакциналау туралы паспортты/сертификатты/анықтаманы) құжаттық растау бойынша, ал олар болмаған кезде ПТР әдісімен COVID-19 зерттеуінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсыну талабын алып тастау;
Екінші, республиканың жеті өңіріндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде уақытша жабылған 12 автомобиль өткізу бекетіне жұмыс істеуге салынған тыйымды алып тастау туралы шешім қабылдады.