Қазақстанда шетел валютасына сұраныс төмендеді

356

Шетел валюта сатылымы 10-20%-ға кеміді.

Қазақстанда шетел валютасына сұраныс төмендеді Фото: inbusiness.kz

2023 жылдың 8 айында Қазақстанда шетел валютасына сұраныс айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Ranking.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Портал деректеріне сәйкес, айырбастау пункттерінің АҚШ долларын таза сату көлемі 2023 жылғы қаңтар-тамызда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,1%-ға төмендеді. Айырбастау пункттерінде еуроның таза сатылымы бір жыл ішінде 27,2%-ға төмендеді. Ресей рублінің де таза сатылымы төмендеді: бірден 26 есе.

Сарапшылардың пікірінше, АҚШ доллары мен еуроның ең аз сатылымы екі облыста тіркелді. Ресей рублінің теріс сатылымы Қазақстанның 20 аймағының жетеуінде байқалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу