Осылайша, елімізде шетелдіктерге тұрақты тұруға мүмкіндік беретін мамандықтар саны бірден 3 еседен аса артады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мамандықтар тізбесін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялаған. Бұл шетелдіктерге Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу үшін қажетті. Аталған сұраныс арқылы оларға елімізге жағдай жасау маңызды саналмақ.
Жобаға сай, ұлттық экономиканың және басым салалардың қажеттіліктері ескерілген. Сондықтан да, сұранысқа ие мамандықтар тізбесін 51-ден 174-ке дейін кеңейту көзделіп отыр.
Жоғары білікті шетелдік мамандар Қазақстанға өз пайдасын тигізетіні сөзсіз. Құжат 6 қазанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталына орналастырылған.