Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға жаңа квоталар белгіленді. Тиісті бұйрыққа Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қол қойды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Юрист "Параграф" басылымының Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Квота жұмыс күшінің жалпы саны бойынша, пайыздық қатынаста осындай санаттарға бөлінді:
- жергілікті атқарушы орган жұмыс берушіге берген рұқсаттар бойынша – 0,23% (2023 жылы 0,24%);
- еңбек иммигранттарын тарту мақсатында – 3,1% (2023 жылы 3,2%).
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу