Қазақстанда шетелдіктерді емханаға тіркеу ережелері өзгерді

337

Жаңа ережелер 14 тамызда күшіне енді.

Қазақстанда шетелдіктерді емханаға тіркеу ережелері өзгерді Фото: inbusiness.kz

15 қыркүйектен бастап алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарына еркін тіркелу бойынша жыл сайынғы науқан басталады, деп хабарлайды

Биыл еңбек мигранттары – шетелдіктерді емханаға тіркеу ережелері өзгерді. Енді олар емханаға келісімшартпен немесе ерікті медициналық сақтандырумен, сондай-ақ жүктелген медициналық сақтандыру шартымен барулары керек. Жаңа ережелер осы жылы 14 тамызда күшіне енді. Бұл туралы Медициналық сақтау қорының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Еңбек заңнамасы және Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске енгізілген өзгерістерге байланысты емханаларға тіркелу ережелері мен иммигранттарға медициналық көмек көрсету ережелері өзгерді. Бұйрықтарға енгізілген өзгерістер тек ЕАЭО-ға мүше елдердің: Ресей Федерациясы, Беларусь, Қырғызстан, Арменияның бірінің азаматтығы бар, Қазақстанда уақытша тұратын шетелдік еңбек мигранттарына және олардың отбасы мүшелеріне қатысты", делінген хабарламада.

Жаңа қағидаларға сәйкес, бұл шетелдіктер емханаға ерікті медициналық шарт  немесе алғашқы медициналық-санитариялық және шұғыл стационарлық көмекке жүктелген медициналық сақтандыру шарты негізінде тіркеледі. Кейін шарт жасасқан мерзімі өткен жағдайда медициналық ұйымнан автоматты түрде шығарылады.

Емханаға тіркелу үшін оның басшысының атына қазақ немесе орыс тілінде еркін түрде өтініш жазу қажет. Өтінішпен бірге жеке басын куәландыратын құжатты (немесе шетелдік паспортты), ЕМС немесе ЖМС шартын тапсырады. Олардың заңды өкілі өтініш берсе, отбасы мүшелерінің келісімі қоса берілуі керек.  Өтініш беруші медициналық ұйымға өзі жүгіне алады немесе оны сақтандыру компаниясы жасайды. Тіркелуге болатын емханалардың тізімі шарттың қосымшасында көрсетілуі тиіс.

ҚР азаматтары, қандастар және ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер үшін емханаға тіркелу тәртібі өзгеріссіз қалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу