Қазақстанда шоколад және кондитерлік өнімдер өндірісі 11,3% өсті

411

Биыл импортталатын шоколад өнімдерінің үлес салмағы 52,8% құрады.

Қазақстанда шоколад және кондитерлік өнімдер өндірісі 11,3% өсті Фото: freepik

2023 жылдың қаңтар-қараша айларында заттай түрде 97,5 мың тонна шоколад және шоколад пен қанттан жасалған кондитерлік өнім өндірілді, 2022 жылдың тиісті кезеңінде аталған өнімнің өндіріс көлемі 9,9 мың тоннаға аз болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Өткен жылдың 11 айында барлығы 87,6 мың тонна шоколад және кондитерлік өнім өндірілген.

Осылайша өндіріс өткен жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда 11,3% өсті.

Айта кетейік, импортталатын шоколад өнімдерінің үлес салмағы биылғы 10 айда 52,8% құрады.

10 айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта 155,9 мың тонна шоколад пен кондитер өнімі сатылды. Бұл ретте экспортқа 30 мың тонна тәтті өнім жөнелтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу