Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов айтты, деп жазады inbusiness.kz
Спикердің сөзінше, суға шомылу маусымы басталғанға дейін тағы 133 орын, оның ішінде 30 коммуналдық және 103 жеке жағажай жасау жоспарланып отыр.
"Елімізде азаматтар шомылу және демалу үшін пайдаланатын 50 мыңнан астам су айдыны бар. ТЖМ құтқару бөлімшелері кәсіби құтқарушылар қызмет атқаратын азаматтар пайдаланатын су айдындарының 85 учаскесін бақылайды. Биыл министрліктің 70 мобильді құтқару бекеті қойылады. Бұдан бөлек әкімдіктермен және су маңындағы демалыс орындарының иелерімен бірлесіп министрліктің жедел-құтқару жасақтарында даярлықтан өткен қоғамдық құтқарушылар есебінен 200-ден астам объектілік құтқару бекеті жабдықталуда", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.