Қазақстанда шығарылған электровоздар Әзербайжан теміржолдарында жүре бастады

1762

Келісімшарт бойынша, отандық зауыт бұл елге 50 электровоз жөнелтуге тиіс.

Қазақстанда шығарылған электровоздар Әзербайжан теміржолдарында жүре бастады

Қазақстанда шығарылған заманауи электровоздар Әзербайжан теміржолдарында жүре бастады, деп хабарлайды 24.kz.

Келісімшарт бойынша, отандық зауыт бұл елге 50 электровоз жөнелтуге тиіс. Елімізде жасалған техниканың сапасына Әзербайжан мамандары жоғары баға беріп отыр.

"Бұл электровоздарды жақында Қазақстаннан әкелді. Қазір оларды тексеріп жатырмыз. Бұрынғылардан айырмашылығы, қуатты аз жұмсап, көбірек вагон тарта алады. Үнемді электровоздар. Машинистің кабинасы заманауи құралдармен жабдықталған. Жолаушы локомотив сағатына 160 шақырым жылдамдықпен жүруге қауқарлы. Модульдік дизайнына орай ол өте берік. Аз сынатындықтан, пайдалану кезіндегі шығыны да көп емес. Оларды игеру үшін машинистер арнайы оқудан өткен", - дейді Баку локомотив депосының бастығы Ядигар Ширмамедов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу