Қазақстанда SIM-карта сатуға шектеу енгізілмек

220

Енді азаматтар ұялы телефон нөмірін электронды үкімет порталынан немесе eGov mobile-дан алуы мүмкін. 

Қазақстанда SIM-карта сатуға шектеу енгізілмек Фото: pixabay

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Мәжіліс кулуарында интернет алаяқтармен күрес қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз азаматтардың ұялы немесе қалалық телефон нөмірін электронды үкімет порталы немесе eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы алуы үшін заңнамалық бастамамен шығатын боламыз. Бұдан басқа бір жеке тұлғаға берілетін SIM-карта санына шектеу қоятын боламыз. Заңды тұлғалар қазір бұл карталарды еш бақылаусыз алып жатыр. Сондықтан да SIM-карталарды коммерциялақ мақсатта пайдалануды енгізуіміз мүмкін. Алайда олар әрбір нөмірді пайдалану бойынша нақты негіздеме беруі тиіс", - деп жауап берді Асхат Оразбек депутаттардың берген сауалына.

Тілшілер Мәжіліс кулуарында министрлік өкілінен SIM-карта санына байланысты қосымша сұрады.

"Біз бір адамға берілетін SIM-карта санына шектеу қойғымыз келеді. Яғни, он сим-картаға дейін", - деді вице-министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу