Қазақстанда сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі бар құстар мекендейді – Kazakh Tourism

170

Қазақстанның ерекше экожүйесі табиғатты бақылауға мүмкіндік береді.

Қазақстанда сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі бар құстар мекендейді – Kazakh Tourism Фото: canva

Бұл туралы Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасовтың "Born Bold. Travel Boldcast" авторлық подкастында баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                

Дипломат экотуризмнің Қазақстан үшін маңыздылығына ерекше тоқталды. Кэти Личтің айтуынша, біздің ел – құстарды бақылайтын қауымдастық үшін басты бағыттардың бірі.

– Алдымен Қазақстан құстар тұрғысынан Орталық Азияның көші-қон дәлізінде орналасқан және құстардың миграциясына арналған негізгі бағыттардың бірі. Мұнда өте сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар құстар мекендейді. Мысалы, аққұтан, тарғақ және дала қыраны. Жойылып кету алдында тұрған сирек құстар Қазақстан мен Сібірде ұя салып, одан кейін Қазақстан арқылы Үндістанға, Таяу Шығысқа немесе Африкаға қоныс аударады. Құстарды бақылау қауымдастығы үшін бұл өте маңызды. Ұлыбританиядағы құстарды бақылаумен айналысатын ірі ұйым "Корольдік құстарды қорғау қоғамы" Қазақстанда биоалуантүрлілікті дамытуға қолдау көрсетіп, 20 жылдан бері жұмыс істеп келеді, – деп түсіндірді Кэти Лич.

Елші Қазақстанның киік популяциясын қалпына келтірудегі жетістіктеріне де тоқталды. Осыдан 15 жыл бұрын бұл ерекше жануарлардың түрі жойылу алдында тұрды. "Алтын дала" бастамасы аясында қазақстандық және шетелдік ұйымдардың бірлескен күш-жігерінің арқасында киік популяциясы қайта қалпына келді.

– Олар бірлесіп, киікті аман алып қалды. Оның саны экспоненциалды түрде артып келеді. Екі жыл бұрын БҰҰ бұл жетістікті ерекше деп танып, биоалуантүрлілікті сақтауға бағытталған флагмандық жобалардың қатарына енгізді, – деді дипломат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу