Қазақстанда сирек кездесетін жабайы мысық фототұзаққа түсіп қалды

144

Жабайы сабаншы Шет және Ақтоғай аудандарының тасты тауларында фототұзаққа бой көрсеткен. 

Қазақстанда сирек кездесетін жабайы мысық фототұзаққа түсіп қалды Фото: видео скриншот

Сирек кездесетін жабайы мысық сабаншы Шет және Ақтоғай аудандарының жартасты сілемдерінде фототұрзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өңірде 2023 жылдың күзінен бастап 19 фототұзақ орнатылған, бірақ бір жыл ішінде сабаншы тек екеуінде ғана байқалған.

"Сабаншылардың тек екі фототұзақта көрінуі таңқаларлық жағдай емес, себебі тұзақтар осы жабайы сабаншының Орталық Қазақстанның ұсақ шоқыларындағы таралу шекараларын анықтау мақсатында арнайы орналастырылды. Көптеген фототұзақ оның тұрақты мекендейтін аумағынан тыс орналасқан. Бұл аймақ сабаншыға қолайсыз болуы мүмкін, себебі қыста мұнда қар мөлшері өте көп", - деп түсіндірді АСБК ғылыми қызметкері Илья Смелянский.

Фототұзақ деректері аймақта тағы бір жыртқыш — Орталық Қазақстанның ұсақ шоқыларын мекендейтін сілеусіннің бар екенін растайды. Сонымен қатар, фототұзақтарға Қызыл кітапқа енген тас сусар мен Қазақстан арқары да түскен. Арқар 19 тұзақтың 17-сінде байқалған.

Келесі жылы сабаншы және басқа сирек кездесетін жануарлардың таралуын әрі қарай бақылау үшін Қарағанды облысының аумағына 27 фототұзақ орнатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу