Қазақстанда соңғы 3 жылда паркинг орындарының саны артқан

447

Олардың негізгі үлесі Астана мен Алматыға тиесілі. 

Қазақстанда соңғы 3 жылда паркинг орындарының саны артқан Фото: google.com

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, соңғы 3 жылдан бері паркинг орындарының саны артып жатқанын байқауға болады, деп жазады inbusiness.kz DataHub-қа сілтеме жасап.

Мәселен, 2018 жылы 0,5 мың орын болса, 2019 жылы – 7,9 мың, 2020 жылы – 15,2 мың, 2021 жылы – 13 мың, 2022 жылы – 11,2 мың.

Сарапшылардың сөзінше, бұл үрдіс биыл да жалғасуы мүмкін. Биылғы бірінші  жартыжылдықта 5,7 мың паркинг орны іске қосылды. Бір жыл бұрын да осындай көрсеткіш тіркелген.

Паркинг орындарының негізгі үлесі Астана мен Алматыға тиесілі. 

"2018 жылдан бастап олардың жалпы көлемдегі үлесі – 88%-дан 98%-ға дейін. Астанада бір паркинг орнын құру (3,7 млн теңге) оңтүстік мегаполиске (5,8 млн теңге) қарағанда әлдеқайда арзан. Осындай жоғары деңгей сұранысты қанағаттандыруға әсер ете ала ма? Мұны тек жанама түрде бағалай аламыз. Мәселен, екі қалада тіркелген көліктердің жалпы санының өзгеруін алсақ, 5 жыл ішінде бұл көрсеткіш 58,2 мың бірлікке өскен. Теориялық тұрғыдан осындай ықтимал қажеттілік 86%-ға жабылуы мүмкін", - деп хабарлады Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу