Қазақстанда соңғы 30 жылда суармалы жер көлемі екі есе қысқарған

955

Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, бұған климаттың өзгеруі себеп болып отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz

Қазақстанда соңғы 30 жылда суармалы жер көлемі екі есе қысқарған Фото: egemen.kz

"Климаттың өзгеруі су ресурстарының тапшылығына әкеп соқты. Осының салдарынан суармалы жерлердің алаңы соңғы 30 жылда 2 есе – 3 млн га-дан 1,4 млн га-ға дейін қысқарды. Сондықтан қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларына көшу, әртараптандыру шеңберінде ылғалды көп қажет ететін дақылдар алаңдарын қысқарту, су ресурстарының жаңа көздерін іздеу есебінен суаратын суды ұтымды пайдалану – негізгі шешімдер болып отыр", – деді Үкіметтің бүгінгі отырысында Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев.

Оның айтуынша, азықтық дақылдардың тұқым шаруашылығы жүйесін дамыту керек. Қазіргі уақытта елімізде азықтық дақылдар бойынша тұқым шаруашылығының 59 субъектісі бар. Алайда олардың тұқым өндіру мүмкіндіктері толық пайдаланылмайды.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу