Қазақстанда соңғы 2 жыл ішінде 24 мың шаруа қожалығы жабылды

139

Бұл туралы ауыл шаруашылығы саласының сарапшысы Төлеутай Рахымбеков мәлімдеді.  

Қазақстанда соңғы 2 жыл ішінде 24 мың шаруа қожалығы жабылды Фото: primeminister.kz

Ол шаруа қожалықтары саны бірден екі есе азайып, 3,7%-дан 5,6%-ға дейін жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2024 жылдың басында олардың саны 270 мыңнан асса, 2025 жылдың басында  – 260,3 мың, ал 2025 жылғы 1 желтоқсанға қарай 245,8 мыңға дейін азайған.

"Қазақстан тәуелсіздік алған 35 жылдан астам уақыт ішінде шаруа қожалықтары санының азайғанын алғаш рет көріп тұрмын. Айтпақшы, жеке қосалқы шаруашылықтардың саны да кеміп жатыр. 2024 жылғы 1 қаңтарда олардың саны 1 млн 631 мың болса, 2025 жылғы 1 қаңтарда 1 млн 605 мыңды құрады", – дейді сарапшы.

Оның айтуынша, мал басының 90%-ы дәл осы шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарда шоғырланған және ішкі нарыққа сүт пен еттің 90%-ын солар жеткізіп отыр. Бұл шаруашылықтардың азаюы ішкі нарықтағы өнім көлемінің кемуіне әкеп соқты. Ал бұл, өз кезегінде, бағаға тікелей қысым жасайды.

"Халық санының өсуіне байланысты сұраныс сақталып, тіпті артып отырғанда, өнім ұсынысының азаюы теңгерімсіздік тудырады. Нарық бұл жағдайды ет пен сүт бағасын көтеру арқылы "түзетеді". Тек ет пен сүт қана емес... Сосын Қазақстандағы ет бағасының қымбаттағаны үшін сиыр етін өндіруді азайтқан Аргентина мен Бразилияны кінәлаймыз ба? Әлде бар кінәні Қазақстаннан ет тасуды көбейткен Өзбекстан мен Тәжікстанға аудара саламыз ба? Немесе басқа себеп табамыз ба?" – деп атап өтті Төлеутай Рахымбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу