Сотталғандар арасындағы өлім-жітім бір жылда 5%-ға кеміді

124

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.  

Сотталғандар арасындағы өлім-жітім бір жылда 5%-ға кеміді Фото: kaztag.kz

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша сотталғандардың арасындағы өлім 5%-ға төмендеген, деп жазады inbusiness.kz cайты.

Бұл нәтижеге медициналық инфрақұрылымды дамыту, профилактикалық іс-шараларды кеңейту және медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудың есебінен қол жеткізілді. 

Профилактикалық қарап-тексерулермен және скринингтермен қамтуды кеңейту ауруларды анықтау деңгейін 28%-ға арттыруға мүмкіндік берді. Ең жоғары өсім қанайналым жүйесінің аурулары мен қант диабетін қоса алғанда созылмалы инфекциялық емес аурулар бойынша тіркелді.

"Маңызды бағыттардың бірі телемедицинаны енгізу болды. ҚАЖ-дың 17 мекемесінде арнайы телемедициналық жабдық орнатылып, қашықтан консультациялардың саны 5 есеге артты, сондай-ақ білікті медициналық көмектің қолжетімділігі жақсарды", – делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар стационарлық көмектің қолжетімділігі артты – тәулік бойы және күндізгі стационарларға емдеуге жатқызу саны көбейді. Сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету функциялары Ішкі істер министрлігінің жүйесінен Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына берілген сәттен бастап инфрақұрылымды жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.

ҚАЖ-дың 78 мекемесінде (62 дәрігерлік амбулатория және 16 медициналық пункт) медициналық көмек көрсету деңгейі жақсартылды. Соның ішінде 55 нысанда (70%) ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың мәртебесі мен ұсталатын орнына қарамастан денсаулық сақтау құқығын қамтамасыз ету және сапалы, қолжетімді медициналық көмек көрсету бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу