Қазақстанда спорт төрешілерінің жалақысы өсті

440

2023 жылдан бастап спорт төрешілерінің бір күндік еңбекақысы 62,5% - ға өсті.

Қазақстанда спорт төрешілерінің жалақысы өсті Фото: norma.uz

Осылайша, бір күндік еңбекақы мөлшері 8 000 теңгеден 13 000 теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, 2024 жылы спорт төрешілерінің еңбекақысы тағы 4000 теңгеге өсіп, 17 000 теңгені құрайтын болады.

"Сапалы және адал төрешілік мәселесі спортшыларды даярлау мен спорттық инфрақұрылымнан кем емес. Әрине, лайықты еңбекақысыз білікті төрешілер саны өте аз болады, сондықтан төрешілер мен спорт саласындағы басқа да мамандардың еңбекақысын көтеру жұмыстары жүріп жатыр", - деді МСМ Спорт істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу