Қазақстанда Су-27 ұшағының құлауына жанармай жүйесінің істен шығуы себепші – сенатор Алтынбаев

939

Қазақстанда Су-27 ұшағының құлауына жанармай жүйесінің істен шығуы себепші – сенатор Алтынбаев

Талдықорған маңында Қорғаныс министрлігіне тиесілі Су-27 жойғышының құлауына жанармай жүйесінің істен шығуы себеп болды, деп мәлімдеді бұрынғы қорғаныс министрі, бүгінде сенат депутаты Мұхтар Алтынбаев.
"Талдықорған оқиғасы расталды. Бұған дейін айтқанымдай, жанармай жүйесі себеп. Кеше ӘӘК бас қолбасшылығымен сөйлестім. Ол жанармай жүйесінің істен шығуы себеп болғанын айтты", – деп мәлім етті М.Алтынбаев сейсенбі күні парламент қабырғасында тілшілерге.
"Қалайша істен шықты? Себебі қандай? Кім тексерді? Оны тексеру қажет", – деп атап өтті депутат.
Бұған дейін хабарланғандай, 21 желтоқсанда түнде мезгілінде оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде Талдықорғаннан 25 шақырымдай жерде Қорғаныс министрлігіне тиесілі Су-27 ұшағы құлады. Ұшқыш ұшақты елді мекеннен алысқа алып кетіп, мұнан соң ұшақтан өзі де түсіп үлгерген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу