Қазақстанда су басу қаупі жоғары 5 облыс белгілі болды

490

Құзырлы орган ықтимал су тасқынымен күреске дайынбыз деп отыр. 

Қазақстанда су басу қаупі жоғары 5 облыс белгілі болды Фото: gov.kz

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов су басу қаупі жоғары бес облысты атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Батыс Қазақстан облысы – 186 елді мекен, Қарағанды облысы – 150 елді мекен, Ақмола облысы – 144, Солтүстік Қазақстан облысы – 116, Шығыс Қазақстан – 72. Бірақ мен қазір ғана айтып кеткендей, бәрін де топан су басып кетпейді. Бұл су басу қаупі бар, бірақ оған ден қоя аламыз деген сөз", - деді министр Мәжіліс кулуарында.

Ведомство басшысы 2024 жылғы тасқын кезде техникамен байланысты мәселелер туындағанын еске салды.

"Техника тапшылығы болды. Әсіресе, батыс өңірлерде байқалды. Логистикамен байланысты сұрақтар болды. Тәжірибе бар, алған сабақтар бар. Оның бәрі уақытында  жеткізілетін болады", - деп сендірді Шыңғыс Әрінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу