Қазақстанда су дипломатиясымен айналысатын департамент құрылды

179

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінде Су дипломатиясы департаменті құрылды.  

Қазақстанда су дипломатиясымен айналысатын департамент құрылды Фото: gov.kz

Жаңа департаменттің директоры болып Шәріп Данияр Есенұлы тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаңа құрылымдық бөлімше Қазақстанның су дипломатиясы саласындағы жұмысын жүйелі әрі дәйекті түрде жүргізуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Департамент трансшекаралық су нысандары бойынша тұрақты жұмыс істейтін мемлекетаралық комиссиялардағы еліміздің қызметін үйлестіріп, серіктес мемлекеттермен жүргізілетін келіссөздерді сүйемелдейді. Сонымен қатар, су саласындағы мемлекетаралық келісімдерді әзірлеу және іске асыру жұмыстарымен айналысады.

Данияр Есенұлы Шәріп 1992 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Гидрология мамандығы бойынша, сондай-ақ, Каспий қоғамдық университетін Құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2015 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігінде бастаған.

Кейін бірнеше министрлікте түрлі қызмет атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу