Қазақстанда су шаруашылығы ғылымы дамытылады

499

Бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Қазақстан Су кеңесінің отырысы өтті.

Қазақстанда су шаруашылығы ғылымы дамытылады

Кеңесте Су ресурстары комитетінің және оның бассейндік инспекцияларының кадрлық әлеуетін нығайту, сондай-ақ олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсарту мәселелері қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің хабарлауынша, елдің су ресурстарын басқару тиімділігін арттыру үшін Су ресурстары комитетінің ұйымдық құрылымын қайта қарау және күшейту, сондай-ақ аумақтық бассейндік инспекцияларды айтарлықтай нығайту ұсынылып отыр.

Премьер-Министр тиісті бөлімшелерді материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді кеңейту жөніндегі ұсынысты қолдады. Бұл ретте ол Экология министрлігіне кадр саясатына қатысты ұсынылып отырған шараларға қосымша талдау жүргізуді тапсырды.

"Ғылым мен білімге де ерекше көңіл бөлу керек. Су шаруашылығы ғылымын дамыту, тиісті ҒЗИ-ді күшейту бойынша ұсыныстар беріңіз, өйткені ғылымсыз бұл саланы дамыта алмаймыз. Кадрларды даярлау кезінде заманауи кәсіби стандарттарды енгізуге баса назар аударылуы тиіс", – деді Әлихан Смайылов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу