Су шаруашылығы және ирригация министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, құзырлы органдар жалақыны көбейту арқылы кәсіпті тартымды етуді көздеп отыр.
"Әрине, қазіргі мамандарды сақтап қана қоймай, оларға қажетті дайындық, тиісті дағдылар мен білім беру қажет. Министрлік бұл бағытта жұмыс істеп жатыр", - деді ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов.
Қазақстанның су шаруашылығының кадрлық әлеуетін арттыру үшін министрлік су шаруашылығы мамандарын қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жоспарлауда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу