Елімізде су үнемдеу жабдықтарын шығаратын 5 зауыт салынады

322

Аталған кәсіпорындар тамшылатып суару жабдықтарын жасайды.

Елімізде су үнемдеу жабдықтарын шығаратын 5 зауыт салынады Фото: gov.kz

Kazakh Invest ұлттық компаниясымен бірге түрік және қытай компаниялары бірігіп, Қазақстанда су үнемдеу жабдықтарын шығаратын 5 зауыт салады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазір елде 4 отандық зауыт жұмыс істеп тұр. Астанадағы зауыт жаңбырлатып суару машиналарын жасаса, Түркістан облысы мен Алматы қаласындағы кәсіпорындар тамшылатып суару жабдықтарын шығарады.

Кейінгі жылдары Су ресурстары және ирригация министрлігі диқандарды заманауи су үнемдеу технологияларына көшуге ынталандыру мақсатында бірнеше субсидия түрін енгізді.

Соның арқасында былтыр елде 158 мың гектар егіс алқабына су үнемдейтін жүйелер енгізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу