Қазақстанда су жолдарымен жүк тасымалдау көлемі артқан

1411

Қазақстанда су жолдарымен жүк тасымалдау көлемі артқан

2017 жылы Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарымен жүретін көліктермен 1,5 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл 2016 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 16% артық. Ресей бағыты бойынша тасымалдау көлемі 350 мың тоннаны құрады, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі. 

Кеме жүргізу қауіпсіздігі үшін жасалған шараларды уақытында іске асырудың нәтижесінде жүк тасымалдау көлемі артты. Атап айтқанда, 3812 навигациялық белгіні орнату мен қүтіп-ұстау; түбін тереңдету; тегістеу; түбін тазарту; үш кеме жүзу шлюзін күтіп-ұстау мен жөндеу және басқа жұмыстар бойынша ауқымды шаралар іске асырылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты көлік оқиғалары 2017 жылдың навигациясында тіркелмеген.

Қазақстан суларында кемемен жүзу жалпы ұзақтығы 4040,5 шақырым болатын Ертіс, Орал-Каспий және Іле-Балқаш су қоймалары учаскелерінде жүзеге асырылады.

Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды түрлі мақсаттарға арналған 530 жеке кеме иелері атқарады.

Өзен көлігімен тасымалданатын негізгі жүктерге құм және қиыршық тас қоспасы, шағыл тас, құрылыс материалдары, тұз, орман ағаштары, балық және габаритті емес жүктер жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу