Қазақстанда сұйылтылған газбен жүретін көліктер саны артты

1163

Қазақстанда сұйылтылған газбен жүретін көліктер саны артты

Сұйытылған газ Ресей бензиніне тәуелділікті төмендетеді. Бұл туралы бүгін халықпен есепті кездесуін өткізіп жатқан ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Соңғы 3 жылда сұйытылған газды тұтыну 65 пайызға өсті. Автокөлік иелері қажеттіліктері үшін газ сату жылына 100 мың тоннадан 350-400 мың тоннаға дейін өсті. Бұл өз кезегінде, Ресейдің жанар-жағар майына импорттық тәуелділігін төмендетуге әсер етеді. Оның үстіне газдың бағасы бензин бағасымен салыстырғанда 2-3 есеге арзанырақ", - деді министр.

Оның айтуынша, елімізде сұйытылған газдың көтерме сауда бағасы бекітілген. Алайда, шекаралас мемлекеттердегі көгілдір отын бағасының қымбат болуы елімізден газды заңсыз шығаруға түрткі болуда. "АРГУС деректеріне сәйкес, Ресейдің шекаралас облыстарында  сұйытылған газдың орташа көтерме бағасы тоннасына 148 мың, Тәжікстанда 119 мың теңге болса, Қазақстанда қосылған құн салығын қоса алғандағы бекітілген көтерме баға 31 360 теңгені құрайды. Сұйытылған газ өндірісінің орташа өзіндік құны тоннасына 45 мың теңгеге белгіленген. Яғни, ол бекітілген көтерме бағадан қымбат. Сондықтан, өздеріңіз түсінетіндей, өндірушілер ішкі нарыққа сұйытылған газды шығынмен жеткізуде", - деді Қ. Бозымбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу