Қазақстанда сұйылтылған газды шығаруға тағы жарты жыл шектеу қойылады

256

Бұйрық 14 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі. 

Қазақстанда сұйылтылған газды шығаруға тағы жарты жыл шектеу қойылады Фото: freepik

Қазақстанда сұйытылған мұнай газын шығаруға тағы жарты жылға тыйым салынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды – 2711 12 970 0), пропанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды – 2711 12 940 0) және бутанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды – 2711 13 970 0) автомобиль және теміржол көлігімен шығаруға алты ай мерзімге тыйым енгізілсін", – делінген энергетика министрінің бұйрығында.

Тыйым салынбайды:

1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 722-бабының 1-тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) не Қазақстан Республикасының президенті бекіткен жер қойнауын пайдалану келісімшарты шеңберінде өндірісті жүзеге асырған жер қойнауын пайдаланушылардың шығаруына;

2) Қарашығанақ кен орнында қазақстандық шикізаттан өндірілген (қайта өңделген) тауарларды Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде шығаруға;

3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде басталатын және аяқталатын орны ауыстырылатын транзиттік тасымалдарға.

Бұйрық 14 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу