Қазақстанда сұйытылған газ бағасы алыс-жақын елдерге қарағанда 2 есе төмен

335

Сұйытылған газды автомобиль отыны ретінде пайдалану көлемі артып келеді.

Қазақстанда сұйытылған газ бағасы алыс-жақын елдерге қарағанда 2 есе төмен Фото: Pixabay.com

Бағаның төмен болуы ірі көлемде сұйытылған газдың шекаралас елдерге заңсыз шығарылуына әкеп соқты. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Енді сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету мәселесі туралы. Отынның бұл түрі мұнай-газ химиясы үшін құнды әрі тапшы шикізат. Бұл ретте Қазақстанда сұйытылған газды автомобиль отыны ретінде пайдалану көлемі артып келеді. Қазақстанда оның бөлшек саудадағы бағасы Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және алыс шет елдермен салыстырғанда шамамен 2 есе төмен. Ал, бағаның төмен болуы ірі көлемде сұйытылған газдың шектес елдерге заңсыз шығарылуына әкеп соқты. Мен бұған дейін тиісті мемлекеттік органдарға сұйытылған газдың "көлеңкелі" экспортын, оның ішінде қылмыстық жауапкершілікті белгілеу арқылы жолын кесу жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырдым", - деді Үкімет басшысы.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің деректеріне сәйкес, сұйытылған мұнай газын шет елдерге заңсыз шығарудың 14 фактісінің жолы кесілді. 

"Бұл жұмысты жалғастыру қажет. Әсіресе, тұтыну көлемі негізсіз құбылып отырған Атырау және Абай облыстары мен бірқатар шекаралас өңірлердегі жағдайды ерекше бақылауға алуды тапсырамын", - деп атап өтті Премьер-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу